USD
USD
USD

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Халық Кеңесі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган саналады. Халық Кеңесінің өкілеттілік ауқымы кең, соның ішінде заңнамалық бастама көтеруге және жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынуға құқылы.

Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

Оның құрамындағы 42 мүшені этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан Президент бекітеді.

Халық Кеңесіне төраға басшылық етеді. Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл.

Еске салсақ, таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңға қол қойған  болатын.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті