USD
USD
USD

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Марат Омаров Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берді.

Тоқаев, Марат Омаров
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Орындалған ұйғарымдардың үлесі 90,3 пайызға жеткен;

Агенттіктің бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған жоспары жайында айтты.

Бүгінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе әзірленіп, іске қосылған, мемлекеттік қызметтер цифрландырылған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараттық жүйесі, яғни деректер базасы әзірленіп жатыр. Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Омаровқа экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау