Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқықтық салада азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берді.

– прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатқан;

– 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтерген. Оның ішінде 205 сотталушының жағдайы жақсарып, 10 адам ақталған;

Активтерді қайтару және қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары барысында прокуратура органдарының жасанды интеллектіні пайдалануы жөнінде баяндады.

– Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және ізіне түсу үшін қолданылатын «ақылды» аналитикалық платформаны пилоттық режимде сынап көру жұмыстары басталған;

– қазіргі таңда қабылданған шаралардың, соның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталған;

Бүгінде прокурорлар жүзеге асырылып жатқан 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріп отырғанын айтты. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілген.

Президент шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтару үшін заманауи технологияларды кеңінен қолдану ісін жалғастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын прокурорлық қадағалау шараларымен тиімді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Бедеулік «жасарып» барады: суррогат аналық туралы не білеміз?

суррогаттық ана

Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Дастан Сәтбаев

Құлсарылықтар көпқабатты тұрғын үйлерде жылан пайда болғанын айтып, дабыл қағуда

Жылан қаптады

Түсім өсіп, пайда жоғалған. Air Astana НЕГЕ 21 млн доллар шығынға батты?

Air Astana Эйр Астана