Референдум Референдум
3 Наурыз 09:19
...

Президент Айнұр Серғазиеваны қызметінен босатты

Айнұр Серғазиева
Фото: instagram.com/aineka_sergaziyeva

Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Референдум

Астана, NEGE. Айнұр Серғазиева мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметіне 2022 жылғы 31 қаңтарда тағайындалған еді.

Жаңа қызметке тағайындалған сәттен бастап Серғазиева бірден сын-пікірдің астында қалды. 30 жастағы қыздың мемлекеттік қызметте жоғары лауазымға ие болғаны желі қолданушылары арасында күмән туғызды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «оның ықпалды туыстары бар екені, шетелде қымбат жерлерде демалғанды ұнататыны және әлеуметтік желіде бренд дүкендерден сатып алған заттарымен мақтанатыны» қызу талқыланды. Бұл әңгімеге оның Instagram желісіне бренд сөмкелері мен шетелдегі саяхаттарынан жүктеген суреттері «тұздық» бола түсті. 

Алайда Серғазиеваның өзі көп ұзамай желіде жазба жариялап, бай туысы жоқ екенін, Louis Vuitton сөмкелерін аутлеттен, Tiffany әшекейлері күмістен жасалған бұйымдар екенін айтып, өзі туралы қауесеттерді теріске шығарды.

«Бай әрі ықпалды туыстарым туралы өсек – алыпқашпа әңгіме ғана. Пәтерім ипотекада, ата-анам – Оралда зейнеткерлер. Сөмкелерім аутлеттен, Tiffany әшекейлері – күмістен жасалған бұйымдар. Шенеунік болған емеспін, күйеуім мен балаларым жоқ. Бақытыма орай, еңбекақымды өзіме жұмсаймын», – деп ақталды ол.

Сондай-ақ Серғазиева «өзін лауазымды қызметке негізгі үміткер ретінде қарастырып жатқанын тағайындаудан үш күн бұрын білгенін» жазған болатын.

Айта кетейік, Серғазиеваның орнына мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып Ұлан Бекіш тағайындалды.

Референдум