USD
USD
USD

Президент «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты.

Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымының» бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады. 

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған