USD
USD
USD

Президент әр облыс пен ауданда ерекше балаларға арналған орталықтар салуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Құрылтайдың жаңа құрамындағы депутаттарға ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару міндетін жүктеді.

Ерекше балаларға арналған орталық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл ретте Президент ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру қажет екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек.

«Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек.

Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет», – деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев бұл маңызды іс-шараға демеушілерді тартуды ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.

Тоқаев: Артқа шегінер жол жоқ

Тоқаев

Бектенов басқарған Үкімет отставкаға кетті

Үкімет

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын ашты

Парламент