USD
USD
USD

Президент әуежайда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

Кепілге алды
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алған.

Ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы тексеру аймағына кірген.

Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.

Ер адамды әуежай аумағындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады, деген ресми ақпарат тараған болатын. Кейін пышақ ұстап, әуежай қызметкерін кепілге алған адамды әуежайға танысын шығарып салуға келген ер адам қарусыздандырғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Трамп ұлдарының Қазақстандағы вольфрам жобасына АҚШ 1,6 млрд доллар бөлмеуі мүмкін

Вольфрам өндірісі

Абай облысында тереңдігі 15 метр болатын алтын карьері анықталып, 9 адам ұсталды

Заңсыз өндіріс орны

Қазақстандағы жылу желілерінің тозуы 48 пайызға дейін төмендеді

Жылу

Ақтөбедегі студент қазасы: анасы ұлына қысым көрсетілгенін айтады

Нұрбақыт Бақыт