Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Әкімшілігінің Басшысы Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Айбек Дәдебай депутаттарға Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай мен Ұлықбек Серікұлы Тналиевтің кандидатурасын ұсыну туралы Президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 96 депутат Нұрдәулет Қилыбайдың, 17 депутат Ұлықбек Тналиевтің кандидатурасын қолдап дауыс берді. Жиналысқа барлығы 113 депутат қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Президент Жарлығымен Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант