USD
USD
USD

Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат беретін Ахуалдық орталықты аралап көрді.

Тоқаев, Досаев
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қала әкімі Ерболат Досаев аталған орталық Big Data талдауы мен Open Data тұжырымдамасын енгізу негізінде сапалы шешімдер қабылдау үшін тиімді құрал болатынын айтты. Бұл орталық мегаполистегі өмірдің барлық аспектісіне қатысты деректерді жинап, талдауға, халықты құлақтандыруға және қала билігінің тұрғындармен арадағы кері байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Алматының Ахуалдық орталығы қала тіршілігінің барлық саласын қамтитын 53 модульден тұрады. Деректер 50-ден астам ұйымнан, сондай-ақ мемлекеттік және қалалық ақпараттық жүйелерден (Ұлттық статистика бюросының сайты, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «109 қызметі», «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі», «Сергек», «Оңай», Метрополитен, ТЖД және т.б.) жиналады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігіне айрықша мән беріледі. Былтыр Алматыдағы барлық мемлекеттік мектеп пен балабақшаларда алғаш рет кешенді қауіпсіздік жүйелері енгізілді.

Мемлекет басшысына оның цифрлық бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері, Face ID қондырғысы бар арнайы турникеттер секілді 4 бөліктен тұратыны жөнінде баяндалды.

– Жасанды интеллект азаматтардың, атап айтқанда, Алматы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге тиіс. Сондықтан мен сіздердің жасанды интеллект құралдарын енгізу жоспарыңызды қолдаймын. Бұл бір. Екіншіден, қаладағы көлік жағдайына ерекше назар аудару керек. Мұны анық байқауға болады. Бұл – өте өзекті мәселе. Мұнда жасанды интеллект ерекше рөл атқаруы керек. Әрине, қауіпсіздікті назардан тыс қалдыруға болмайды. Қауіпсіздік бірінші орында тұруы керек, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі