USD
USD
USD

Президент АЭС бойынша референдумда дауыс берді

 Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс берді.

референдум
Фото: 24 kz

Алматы, NEGE. Президент елордадағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. «Бүгін тарихи күн. Халқымыз АЭС құрылысы бойынша дауыс береді, маңызды мәселе. Бүгін халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкілікті байламы сондай болады», – деді Мемлекет басшысы дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері Президенттен референдумнан қандай нәтиже күтетіндігін сұраған еді.

«Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде дұрыс айттыңыз, бүгін тағдыршешті оқиға. Келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса, біздің халқымыз үшін, еліміз үшін жақсы болады деп ойламын. Себебі, халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс береді. Сондықтан референдумды қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова