USD
USD
USD

Президент: Абай ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты жиын қатысушыларын құттықтады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы ұлы ақынның рухани мұрасы қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін құнды екенін атап өтті. 

Ақорданың хабарлауынша, президент Тоқаев Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада қатысушыларға арнайы құттықтау жолдады.

Мемлекет басшысы Абайдың төл мәдениетті дамытудағы рөлін, ұлттың сана-сезімін жаңғыртуға қосқан өлшеусіз үлесін және жаңа әдебиетіміздің негізін қалаған кемеңгерлігін ерекше атап өтті.

  – Ол өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал болуға үндеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетті, – деді президент.

Тоқаев хәкім Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттері ешқашан өзектілігін жоғалтпайтынын, оны тану және таныту ісі аса маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол Семей өңірін ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

– Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық. Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!, – деді Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар