USD
USD
USD

Президент 18 жастағы оқушылардың мектепте оқуына қатысты мәселе көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында жаңа буын мамандарын даярлауды мектептен бастап жүйелі түрде ұйымдастыру қажет екенін айтты.

Халық Кеңесі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің пікірінше, мамандарды даярлау тек жоғары біліммен шектелмей, орта біліммен сабақтасқан біртұтас жүйе ретінде қалыптасуы керек. Осыған байланысты физиологиялық тұрғыда ерте жетілетін оқушылардың мектепте білім алатын жасына қатысты қолданыстағы тәсілдер қайта қаралуы тиіс.

«18 жасқа толған жасөспірімдердің мектеп партасында отырғаны қаншалықты дұрыс деген орынды сауал туады. Әдетте Назарбаев зияткерлік мектептерінде және жекеменшік білім ошақтарында солай қалыптасқан. Қазіргі балалар физиологиялық тұрғыдан тез жетілетінін ескерсек, бұл қаншалықты ақылға қонымды?» – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті сала министрлігіне мәселені зерделеп, қажет болған жағдайда тиісті шешімдер ұсынуды тапсырды. 

Сонымен қатар Президент қыркүйекте Жасанды интеллект университеті ашылатынын айтты. Алайда, оның пікірінше, бұл шара жеткіліксіз.

Осыған байланысты Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтауы тиіс.

 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу