USD
USD
USD

Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді

Бүгін Асқар Мамин басқарған үкімет отставкаға кетіп, Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жүктелді.

Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін», – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды.

2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі қызметін атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler