USD
USD
USD

Премьер-министр зейнет жасын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды  "Хабар 24".

Премьер-министр зейнет жасын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Үкімет басшысына депутаттар жүгінген. Олар әйелдер үшін зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін қысқартуды сұрады. Премьер-министр бұл салым мөлшерінің азаюына әкелетінін түсіндіріп, келіспеді. Сонымен қатар, өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты зейнеткерлік жасты арттыру үдерісі көп елде, соның ішінде көршілес Әзербайжан, Армения, Ресей және Беларусьте байқалады.

Қазақстан әйелдер қозғалысының өкілдері де вице-премьер Ералы Тоғжановпен кездесуде зейнет жасын төмендетуді сұраған. Белсенділер, егер әйелге денсаулығына байланысты жұмыс істеу мүмкін болмаса, оларды 58,5 жастан ерте зейнеткерлікке шығаруды заңмен бекіту керек екенін айтты.

Қозғалыс өкілдері Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.

"1996 жылдан бастап зейнетке шығу жасын әйелдерге - 8, ал ерлерге 3 жылға өсірді, біз мұны гендерлік кемсітушілік деп есептейміз. Бұл - азаматтарға қатысты әлеуметтік мәртебесі, жасы мен жынысына қарамай, ешқандай кемсітушілікке жол берілмейтініне кепілдік беретін 14-бапты бұзу. Ал екінші бап 14-бапта кепілдік берілген құқықтардың ешбір жағдайда бұзылмауын реттейді", - деді қоғам қайраткері Ольга Смирнова.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт