USD
USD
USD

Премьер-Министр Үкіметтің нақты міндеттерін атады

 Жаңа жасақталған Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына баса назар аудару керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. 

Премьер-Министр Үкіметтің нақты міндеттерін атады
Фото: NEGE.kz

 Нұр-Сұлтан, NEGE. «Бүгін жаңартылған Үкіметтің алғашқы отырысы. Парламент әрбір Үкімет мүшесін мақұлдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды. Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы және Парламенттің жоғары сенім білдіруі. Біз оны үлкен жауапкершілікпен ақтап, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын және біздің алдымызға қойған барлық міндеттерді сапалы орындауымыз керек», - деді Үкімет отырысын ашқан Асқар Мамин.

Премьер-Министр экономиканы қарқынды дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалатындығын баса айтты. «Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына баса назар аудару керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инвестициялар тартуға, жаңа технологиялар және экспортты дамытуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет. Осыған орай еліміздің одан ары әлеуметтік-экономикалық даму жолында барлық күш-жігерімізді салып, нақты нәтижелі, сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруымыз керек», - деді Үкімет басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров