USD
USD
USD

Премьер-Министр оқшаулау режимінен шықты

Премьер-Министр Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Садық Әкежанов хабарлады.

Премьер-Министр оқшаулау режимінен шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сондай-ақ, бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған білім беру министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынды. Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады. Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтуде. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Еске сала кетсек, осыдан біраз күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан БіртановFacebook-парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді. 12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтқан. Онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы оқшаулануға мәжбүр болып отыр. Әріптестерімен бірге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз үйлерінде оқшауланды.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев