USD
USD
USD

Премьер-Министр «Қазақстан» шахтасындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасындағы  жағдай бойынша кеңес өткізді.

Премьер-Министр «Қазақстан» шахтасындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші кезекте Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндауынша, 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспа тұтанған.

Жедел әрекет ету шеңберінде апатты жою жоспары дереу іске қосылып, жұмысшыларды жер үстіне шығару ұйымдастырылды. 

Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Сағат 13:50-дегі жағдай бойынша 222 кенші жер үстіне шығарылды. 

Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты тағы бес кенші шыға алмады.

Құтқару жұмыстары барысында сағат 17:20-да бір кеншінің денесі табылды. 18 тамызда сағат 08:10-да жоғалған екінші кеншінің денесі табылды. 

Қазіргі уақытта тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және сәйкесінше, өндіріс орнының қол жетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған. Қазіргі уақытта шыққан өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты