USD
USD
USD

Премьер-министр халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды.

Премьер-министр халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз баяндамасында әлемде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасып жатқанын және зерттелген үлгілердің 95%-ын құрайтын «Омикрон» штаммы басым нұсқа болып қалып отырғанын атап өтті.

20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ-мен сырқаттанушылық арта бастады. Соңғы екі аптада ауырған адамдар саны 3,2 есеге өсті – 10 714-тен 34 550 жағдайға дейін.

Министрдің айтуынша, ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін ескерсек, уақытылы КВИ қарсы ревакцинациямен қамту қажет екендігін көрсетеді. Бүгінгі күні ревакцинацияны 5 млн астам адам алды, бұл тиісті контингенттің 68%.

Премьер-Министр жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбейгені әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында байқалып отырғанын атап өтті. 

«Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан, Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын күшейтті, олар өңірлермен және «Атамекен» палатасымен алдын ала келісілді», — Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты. 

«Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлап кетуіне алып келеді. Сондықтан, әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын», – деп түйіндеді Премьер-министр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия