USD
USD
USD

Премьер-Министр Абайдың 175 жылдығына дайындықпен танысты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласына және Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына жұмыс сапары аясында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын және Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындықты тексерді. 

Премьер-Министр Абайдың 175 жылдығына дайындықпен танысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Семей қаласында Үкімет басшысына қаланың 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалуы туралы баяндалды. Атап айтқанда, А. Мамин Абай атындағы алаңды, музей мен театрды реконструкциялау жұмыстарымен, сондай-ақ «Қарағайлы» шағын ауданы мен көпбейінді мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты.  

«Семей тәуелсіз Қазақстанның мәдени, рухани мұрасы мен тарихында айрықша орын алады. Ел басшылығы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі», — деп А. Мамин, қаланы дамыту бойынша барлық жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

А. Мамин Абай ауданының әкімшілік орталығы Қарауыл ауылында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын тексерді. Мұнда Үкімет басшысына 300 орынға арнап салынып жатқан орта мектеп құрылысы, Абай атындағы саябақты салу, сондай-ақ елді мекеннің су тарту желілерін реконструкциялау туралы баяндалды. 

Премьер-Министр Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейіне барып, онда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін реставрациялау жұмыстарының барысымен танысып, Абайдың музей үйін аралады. 

Үкімет басшысы Абайдың 175 жылдығына орай жоспарланған Семейдегі және Абай ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Мерейтой мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Бұл шара Қазақстан халқы үшін үлкен идеологиялық және тарихи мәнге ие», — деді А. Мамин.  

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.