USD
USD
USD

Премьер-министр тез арада Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартуды тапсырды

Президент Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов туристік объектілерде инфрақұрылымды дамыту жергілікті атқарушы органдардың тікелей жауапкершілігі екенін атап өтті.

Тұйық Су шатқалы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Премьер-министр тез арада Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартуды тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, бір апта мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобаларын аса маңызды объектілер және жалпыұлттық маңызы бар жобалар деп тануы қажет. Осыдан кейін Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігіне өңірлермен бірлесіп, осы жылдың 1 қазанына дейін Футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеу тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы