USD
USD
USD

Премьер-министр отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді

Олжас Бектенов шаруалармен Президенттің ауыл шаруашылығы өндірісі көлемін екі есе арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын талқылады.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында алға қойған міндетіне сәйкес, алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісін екі есе арттырудың келешегі қаралды.

Кездесу басында сөз алған Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Президент қолдауының арқасында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі өзінің құндылығын ешқашан жоймайды. Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 млрд теңге табу оңай емес, алайда, біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың бұл түрін одан әрі арттыра береміз. Қазіргі қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі де жоғары болып, біз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құра аламыз деген сенім бар», – деп атап өтті Премьер-министр.

Қазір оқып жатыр

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

ҰҚШҰ

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

ком тариф

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Кинотеатр

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Нұрдәулет Қилыбай