USD
USD
USD

Премьер-министр қосылған құн салығын 16%-ға дейін көтеруге қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қосылған құн салығын 16%-ға дейін көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ққс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «Кез келген салықты өсіру ауыр тиеді. Бірақ бұл мәжбүрлі қадам. Осы салық реформасының арқылы біз даму бюджетін едәуір арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін экономикалық өсім туралы айтылған еді. Экономикалық өсім тек мемлекет инфрақұрылымды жедел, алда жүретін қарқынмен дамытқанда ғана мүмкін болады. Себебі кез келген бизнестің дамуы үшін инфрақұрылым қажет. Ал инфрақұрылымды дамыту үшін даму бюджеті қажет», – дед Олжас Бектенов.

Премьер-министр айтуынша, ҚҚС-ты 16%-ға дейін көтеру бюджет көлемін 18%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Өкінішке қарай, қазіргі уақытта біздегі даму бюджетінің деңгейі сын көтермейді. Ол мемлекетке экономиканың даму қарқынына ілесіп, инфрақұрылымды жылдам дамытуға толық мүмкіндік бермейді. Сол себепті 2026 жылдан бастап Салық кодексін қабылдау арқылы қосымша бюджет кірісін және даму бюджетін шамамен 8 пайызға ұлғайтуды көздеп отырмыз, сөйтіп оны 18%-ға дейін жеткіземіз. Бұл бізге тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова