USD
USD
USD

Премьер-министр артта қалған өңір әкімдеріне тапсырма берді

Үкімет өңірлердің даму қарқыны бойынша артта қалған өңір әкімдерін тыңдады. Түйткілді мәселелерді бақылауда ұстау тапсырылды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Үкімет отырысында еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Онда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Абай облысының әкімі Берік Уәли және Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша еліміздің 12 өңірінде оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары бар. Алайда Атырау, Абай және Ұлытау облыстары жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған.

Олжас Бектенов облыс әкімдері барлық мәселені тікелей бақылауға алуы қажет екенін баса айтты.

«Артта қалған өңір әкімдері барлық түйткілді мәселені тікелей бақылауға алып, шұғыл түрде нақты шаралар қабылдауы қажет», – деп атап өтті Бектенов. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы