Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Премьер-Министр 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеуді тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектенов 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеуді тапсырды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. «Лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеуді қамтамасыз ету қажет. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс және балаларды жұмыспен қамту барлық жерде тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін ресми түрде жүзеге асырылады. Қызықты және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы балалардың қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып қамтамасыз етілуі керек. Қауіпсіздік және санитарлық талаптар бойынша мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға дейін жою қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерьлермен, үйірмелермен, секциялармен сауықтыру және бос уақытты өткізу бойынша барлық нысандар туралы толық ақпаратпен қамту үшін бірыңғай электрондық платформа құру жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық