USD
USD
USD

Премьер мақтаған вице-министрдің қызметі өсті

Үкімет қаулысымен Ростислав Коняшкин Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Ол бұған дейін жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып қызмет атқарған. 

Екі апта бұрын үкімет отырысында қазақша баяндама жасаған Коняшкин премьер-министр Олжас Бектеновтен мақтау сөз естіген еді.

«Қазақша жақсы баяндадыңыз. Дұрыс», – деген премьер.

Ростислав Коняшкин 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары, «Ұлттық aқпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметтерін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы