USD
USD
USD

Праймеризге тіркелгендердің 35,5 пайызы жастар

Бүгін 17 тамызда басталған праймериздің алғашқы кезеңі аяқталды. Нәтижесінде Алматыда Nur Otan партияішілік іріктеуге қатысуға 299 адам тіркелді.

Праймеризге тіркелгендердің 35,5 пайызы жастар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тіркелгендердің ішінде 35,5% әйелдер, 35,5% жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар. Бүгін ұйымдастыру комитеті үміткерлердің құжаттарын тексеруді аяқтайды. Содан кейін толық тізім праймериз сайтында жарияланады. Алматы бойынша өтінімдер санына негізделсек, бәсекелестік праймеризде бір орынға 8 адамды құрайды деп айтуға болады. Келесі кезеңдерде кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары және дауыс беру басталады», – деп хабарлады Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов