USD
USD
USD

Праймеризге қатысқандар Алғыс хатпен марапатталып жатыр ма? 

 «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының төрағасы, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев праймериз қатысушыларын Алғыс хатпен марапаттады. 

Праймеризге қатысқандар Алғыс хатпен марапатталып жатыр ма? 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда «Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бірінші жалпыұлттық праймериз өз мәресіне жетті. Партияның облыстық филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ақмола өңірі еліміз бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Оның ішінде партия мүшелерінің 34 мыңға жуығы немесе 91,4 пайызы өз үміткеріне дауыс берді. Бұл олардың партия тарапынан қолға алынып отырған барлық жасампаз істерге үлес қосуға дайын екендіктерін дәлелдеп отыр. «Праймериз өңірде партияішілік бәсекенің жоғары екенін көрсетті, оған 827 кандидат қатысты. Эпидемиологиялық жағдайдың қиын уақытында үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын ойдағыдай жүргізді. Праймериз қатысушылары проблемалық сұрақтарды көтеріп, ұсыныстарды тыңдап, көпшілік дебатқа қатысты», –  деді ведомстводан.

Көкшетауда Е.Маржықпаев ақмолалықтарға сенім және қолдау білдіргені үшін ризашылығын айтып, өңірдің дамуы қызықтырған праймериз қатысушыларын Алғыс хатпен марапаттады. Енді праймериз көшбасшыларын ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына қатысу бойынша сайлауалды науқанда ауқымды командалық жұмыс күтіп тұр.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Нұргелді Кердеш

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы