USD
USD
USD

Праймериз: Онлайн дауыс беруде Алматы облысы көш бастады

Праймеризде онлайн дауыс беруде Жетісу өңірі көш бастады. 

Праймериз: Онлайн дауыс беруде Алматы облысы көш бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде праймериз кандидаттарына дауыс беру басталды. Мәліметке жүгінсек, республика бойынша 1-қазандағы ақпаратқа сәйкес 16:20-ке дейін дауыс бергендер жөнінен Алматы облысы көш бастап тұр. Жетісу өңірінен 12 863 «Nur Otan» партиясының мүшесі дауыс берген. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеген. Ел бойынша дауыс бергендердің саны 28 533 адам. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жалпы 81 840 партия мүшесі бар. Олар 1047 кандидатқа дауыс бермек. Дауыс беру 1-3 қазан аралығын қамтиды және онлайн режимде жүргізіледі. Онлайн дауыс беруге мүмкіндігі жоқ партия мүшелері 3 қазанда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін дәстүрлі дауыс беруге қатысады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері