USD
USD
USD

Праймериз кандидаттары екі мыңға жуық іс-шара өткізді

Алматыда праймериз кандидаттары үгіт-насихат науқаны басталғалы бері екі мыңға жуық іс-шара өткізді, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы.

Праймериз кандидаттары екі мыңға жуық іс-шара өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE: Кездесу барысында алматылық нұротандықтардың медициналық қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдіретіні белгілі болды.

Халықтың барлық топтары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі – партия мүшелерінің кандидаттарға қоятын негізгі талабы. Алматылық партия мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді, медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін жағдай жасауды және мемлекеттік медициналық мекемелерде жоғары білікті дәрігерлердің тиімді қызмет етуі үшін ынталандыруды талап етеді.

Сондай-ақ, қала кәсіпорындарындағы кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін әлеуметтік қорғауға бағытталған мәселелер көтерілді. Қаланың еңбек ұжымдарының қызметкерлері лайықты жұмыс жағдайын жасауға, еңбек заңнамасын жетілдіруге, еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуге мүдделі.

Базалық лауазымдық айлықақыны заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне ауыстыру жолымен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуде праймериз үміткерлерінің бірі карантинді жеңілдетуді және оны бұзғандарға айыппұлды көбейтуді сұрады. Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету, дәрігерлерді әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнеске көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Сондықтан, бүгінгі таңда праймериз үміткерлеріне өз бағдарламалық уәдесін орындау, қоғамның қазіргі сын-қатеріне байланысты тиісті түзетулер енгізу үшін байыпты жұмыс қажет.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық