USD
USD
USD

Прага Димашты жылы қарсы алды

2022 жылдың 15 сәуірінде Прагадағы «Типспорт» аренасының жанында көптеген адамдар жиналды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears Чех Республикасында әртістің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш пен оның командасын қарсы алды

Прага Димашты жылы қарсы алды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды dimashnews.com.

Алматы, NEGE. Жақын арада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін Аренаның «Типспорт» аумағын жылы және мерекелік атмосфера жайлады.

Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.

Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындау арқылы күту уақытын қысқартты.

Чехияның жанкүйерлері Димашпен қымбатты қонақтардың қонақжай кездесуін ұйымдастырды. Ұлттық Чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды. Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық Чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары табыс етілді.

Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің шатырына шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп олардың жылы шырайлы қабылдауы үшін алғысын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мұхтар Тілеуберді

Қаржыгерлер доллардың 458,37 теңгеге дейін арзандау себебін түсіндірді

доллар бағамы

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды

жаңа туған сәби табылды