USD
USD
USD

Пойызда жолаушылардың тыныштығын бұзған мас әйелге айыппұл салынды

Алматы-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызына масаң күйде отырған әйел қоғамдық тәртіпті бұзды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Осы жылдың бірінші тоқсанында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 20 859 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде тыныштықты бұзғаны үшін – 55, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1617 заң бұзушылық бар.

Мәселен, Алматы-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызы Қызылорда облысы Шиелі станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсіріп алды. Тексеру барысында полицейлер Қызылорда облысының 57 жастағы тұрғынын анықтады. Ол пойызда масаң күйінде болып, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталғаннан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және тыныштықты бұзу бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж