Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Әйел баланы пойыз ішінде өзі босанып, дүниеге әкелген.

Сәби пойызда
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға Қызылорда – Астана бағыты бойынша жүріп келе жатқан жолаушылар пойызында болған. Пойыз елордаға 20 сәуір күні таңғы сағат 5:00-де жетуі тиіс болған.

Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткен соң, жолсерік санитарлық аймақта қан іздерін байқап, еденді жуа бастаған. Ол дәретхананың іші түгелдей қанға толғанын айтып, бұл жағдай жолаушылардың мазасын қашырған.

Жолаушылардың бірі – қыз бала, болған жағдайдың мән-жайын білгісі келіп, қан ізімен жүріп отырып, бір купеге жеткен. Сол жерден ол көрпемен оранып жатқан әйелді көрген. Қыз көрпені көтеріп қарағанда, төсек қанға боялғанын көреді. Сұрақтар қойыла бастаған соң, әйелдің пойызда өзі босанғаны белгілі болған. Ең қорқыныштысы – ол жаңа туған сәбиін вагонның терезесінен лақтырып жіберген.

Дереккөздер мәліметінше, сәбидің денесі табылған. Өкінішке қарай, нәресте қаза тапқан.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оның аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример