USD
USD
USD

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар жауапқа тартылды

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Түркістан – Павлодар бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде екі құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Оның айтуынша, тексеру барысында полицейлер Түркістан облысының 21 және 22 жастағы екі тұрғынын анықтады. Ішімдікке сылқия тойып алған екі жігіт вагондардың бірінде темекі шегіп, пойыз бригадасының ескертулеріне құлақ аспаған.

– Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені және темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК айыппұл салынды, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 6360, ал темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін – 2234 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов