Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Португалияда мұғалімдер ереуілге шықты

Португалияда

Португалияда мұғалімдер ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

10 мыңға жуық мұғалім мен мектеп қызметкері ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы,NEGE. Олар жалақыны көтеруді талап етіп, Лиссабон көшелерімен жүріп өтті.

Білім беру қызметкерлерінің Одағы ұйымдастырған бейбіт демонстрация кезінде наразылық білдіруші жұрт Білім министрі отставкаға кетсін деп ұрандатты. Ұстаздардың еңбекақысы ешқашан 2 мың еуродан аспаған. Ал бұл өмір сүруге жетпейді, дейді олар.  Португалияда мұғалімдер желтоқсан айының басында да наразылыққа шыққан. Білім министрі жалақыны қысқарту арқылы ереуілге шыққандарды жұмысқа қайта оралуға мәжбүр ететінін ескертті.

Мария Дуарте, тарих пәнінің ұстазы:

- Біз өмір бойы еңбек еттік. Үкіметке үзбей салық төледік. Кісінің ала жібін аттаған жоқпыз. Сондықтан әділдікті талап етуге құқымыз бар!

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық