USD
USD
USD

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

Астанада жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген 32 жастағы Porsche автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. 

жылдамдықты асыру
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/police__astana

Астана, NEGE. Қалалық полиция қызметінің хабарлауынша, жүргізуші түнгі уақытта Тұран даңғылында автокөлікті 197 км/сағ жылдамдықпен басқарған кезінде назарға іліккен.

Тексеру барысында оның жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзып келгені анықталған. Атап айтқанда, жыл басынан бері оның қатысуымен 30-дан астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 14 фактісі бар.

Бұған дейін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, жүргізуші заң талаптарын елемей, жол ережелері мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған.

«Осы факті бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана полициясы жүргізушілерге жолдың жылдамдық пен жауапсыздықты көрсететін орын еместігін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА