USD
USD
USD

Порошенконың Украинаға оралуына не себеп?

 Петр Порошенко Киевке қайтып оралды. Украинаның бесінші Президенті болған Порошенко былтыр "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша күдікке ілінген.

Порошенконың Украинаға оралуына не себеп?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстың бұл түріне мүлікті тәркілеу және 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Киевке Варшавадан ұшып келген экс-президентті әуежайда құқық қорғаушылар тұтқынға алған жоқ. Порошенконы 4 мыңға жуық жақтасы күтіп алды. Петр Порошенконы Украинада мыңдаған жақтасы күтіп алды, олар «Порошенко біз біргеміз» деп ұрандатты. Атап өту керек, Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы мен қауіпсіздік қызметі Петр Порошенко мемлекетке опасыздық жасады және Донбасс өңіріндегі лаңкестік ұйымдардың қызметіне көмектесті деп күдіктеніп отыр. Дей тұрғанмен, Варшавадан Киевке таңғы тоғызда ұшып келген экс-президент әрі ірі кәсіпкерді құқық қорғаушылар ұстаған жоқ.

Порошенко бір ай бұрын 17 желтоқсанда Киевтен Ыстамбұлға ұшып кеткен болатын. Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы оппозиционерге сотқа шақыру қағазын бермек болған, бірақ Порошенко тергеушілерді елемей, құжатты қабылдамады. Бүгін таңертең елге оралған Петр Порошенко Украинаны аралап, жұртпен кездесетінін мәлімдеді және өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай