USD
USD
USD

Помпео: Қазақстан коронавируске қарсы тұра алмайды

Помпео Қазақстан мен Өзбекстан секілді Қытаймен көрші елдердің вирусқа қарсы тұратын инфрақұрылымы дайын емес екенін атап өтті.

Помпео: Қазақстан коронавируске қарсы тұра алмайды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка коронавируспен күресуге арналған 100 миллион доллар көлеміндегі бюджет қаражаты есебінен Қытайға ғана емес, өзге елдерге, мысалы Қазақстан мен Өзбекстанға көмек көрсетуге ниетті екенін айтты.

Помпео Қазақстан мен Өзбекстан секілді Қытаймен көрші елдердің вирусқа қарсы тұратын инфрақұрылымы дайын емес екенін атап өтті. Оның пікірінше, қауіп-қатерге ғаламдық, уақытылы және дұрыс жауап беру керек. 

«Бізді лайықты инфрақұрылыммен (вирустан қорғану үшін) жабдықталмаған жерлердің болуы алаңдатып отыр. Мен Қытаймен шекаралас аймақтарда, Қазақстан мен Өзбекстанда болдым, олардың да коронавирус сияқты кез келген ауқымды қатерге төтеп беретін мүмкіндігі жоқ», – деді Помпео журналистерге берген сұхбатында.

«Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз (эпидемияны тоқтату үшін). Көмекке 100 миллион доллар бөліп қойдық. Одан да көп қаржы қарастырылуы мүмкін. Ол Қытайға көмектесу үшін беріледі, бірақ бұл қаржы қауіп-қатерге уақытылы және дұрыс жауап беретінімізге көз жеткізу үшін әлемнің басқа елдерінде де қолданылады», –  деп атап өтті Помпео.

Бұған дейін Помпео Қазақстанға сапары кезінде коронавирустың елге кіруіне жол бермеу үшін Қазақстан қабылдаған шараларға таңғалғанын айтқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан