USD
USD
USD

Польшадан гуманитарлық көмек келді

Өткен түні Ақтөбе халықаралық әуежайына гуманитарлық көмек жүгі тиелген тағы бір ұшақ қонды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жолы қауіпті аурумен күресуге көмекке келген Польша Республикасы.

Польшадан гуманитарлық көмек келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отандық тасымалдаушы компаниясының чартерлік рейсі көп мәрте қолданылатын 40 мың дана маска мен оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берілген ноутбуктерді жеткізді. Жүктің он проценті Ақтөбе облысына тиесілі, қалғаны елордаға жеткізіліп, мұқтаж аймақтарға бөлінетін болады. Польша елінің Қазақстанға жасаған бұл сыйы халықаралық қауымдастықтың COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығының үлгісі болып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келген болатын. Бекбол Сағын, облыстық қаржы басқармасының жетекшісі: – Бұл жүктің бірінші траншы. Жалпы Польша Республикасынан жүз мыңға жуық маска келуі керек болатын. Міне, бүгінгі күні бірінші рейспен қырық мыңға жуық маска келіп жатыр. Польша мемлекетін осы елімізде болып жатқан ауыр, қиын кезеңдерде өзінің көмек қолын созып жатқаны үшін алғысымызды айтамыз.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu