USD
USD
USD

Польшадан трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады.

ұйымдасқан топтың жетекшісі  экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан.

Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңге.

Көрсетілген қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған.

2023 жылдың тамыз айында күдікті Польшаның аумағында ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қазір оқып жатыр

QR төлемдерін ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi

«Тобыл» футбол клубының жаңа иесі анықталды

«Тобыл» ойыншылары

Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов