USD
USD
USD

Польшада қосымша шектеу шаралары енгізілді

  Өткен сенбіден бастап Польшада қосымша шектеу шаралары енгізілді, олар кем дегенде екі аптаға созылады.

Польшада қосымша шектеу шаралары енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елде үлкен көлемдегі тұрмыстық дүкендер жабылуда, қалған сауда орталықтарында сатып алушылар санына қатаң шектеулер енгізілуде. Шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады, ал балабақшаларды тек дәрігерлердің, әскери қызметшілердің, полиция мен өрт сөндірушілердің отбасылары ғана пайдалана алады. Бельгияда сенбіден бастап тұрмыстық заттар дүкендеріне тек алдын ала жазылу арқылы кіруге болады. Сұлулық салондары мен шаштараздар толығымен жабылған.

Ал дүйсенбіден бастап балабақшалардан басқа барлық оқу орындары қашықтан жұмыс істеу режимге көшеді. Өткен аптада Бельгияда індеттің жұғу қарқыны 40%-ке өскен. Португалияда оқытушылар, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерін AstraZeneca вакцинасымен егу басталды. Аталған препаратты қолдану өткен дүйсенбіден бастап қайта басталды. Ел билігі жаңа егу орталықтарының ашылуымен вакцинацияны жеделдету арқылы шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуге үміттеніп отыр, бірақ әзірге төтенше жағдай режимі тағы бір рет ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер