USD
USD
USD

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

Барлау қызметтерінің шекарада диверсиялық әрекеттер болуы мүмкін деген ескертуінен кейін Польша тарапы Ресейдің Калининград облысымен шектесетін аймақтарда арнайы қауіпсіздік операциясын бастады.

әскери адам
Фото: MinisterstwoObrony/Facebook

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Польша полициясының бас коменданты Марек Боронь 2 қарашада радио эфирінде хабарлады, деп жазады Deutsche Welle.

Бас коменданттың мәлімдеуінше, өткен аптада Польша әскери барлау қызметі мен одақтас елдердің арнайы қызметтерінен Ресеймен шекарада ықтимал диверсия туралы ақпарат түскен. Боронь мұны елдегі қазіргі жағдаймен, соның ішінде диверсиялармен, саботажбен және шығыс елдерінің арнайы қызметтері қолдануы мүмкін гибридті әрекеттермен байланыстырды.

Арнайы операция елдің солтүстік-шығысындағы Варминь-Мазур және Подляск воеводстволарында өтіп жатыр. Оған полиция, армия, шекара қызметі, арнайы қызметтер мен терроризмге қарсы бөлімшелер жұмылдырылған. Сондай-ақ шекаралас аймақтарға бірнеше воеводстводан қосымша полиция күштері жіберілген.

Польша полициясының басшысы операцияның алдын алу сипатында екенін атап өтті. Оның сөзінше, басты мақсат – шекара маңындағы тұрғындардың, мемлекеттік мекемелер мен ықтимал шабуыл нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тараптары келіссөз жүргізеді

тулар

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк

Маңғыстауда теміржол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі