USD
USD
USD

Полицияға жұдырық ала жүгірген ақмолалық қамауға алынды

Төтенше жағдай кезінде полицияға қарсылық танытқан Қосшы ауылының тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.

Полицияға жұдырық ала жүгірген ақмолалық қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ведомствоның мәліметінше, ер адам тәртіп сақшысының талабына көнбей қарсылық көрсеткен. Оқиға «Лесная поляна» тұрғын үй кешеніндегі №26 үйдің ауласында болған. Полиция қызметкері аталмыш елді мекенді патрульдеу кезінде балалар ойын алаңында жүрген әйелді көрген. Қосшы ауылында эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуы және карантиндік режимнің енгізілгеніне қарамастан әйел жас баласымен далада серуендеп жүрген. Тәртіп сақшысының карантиндік режим уақытында үйге бар деген талабын елемеген әйел азаматтық некедегі күйеуін шақырған. Ер адам полиция қызметкеріне қарсылық танытып, жұдырық ала жүгірді. Ол аздай оның үлкен ұлы мен бейтарап өтіп бара жатқан ер адамда төбелеске араласты. «Қосшы аулының 39 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшулағышына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК 380 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Ал, оның азаматтық некедегі 38 жастағы әйелі ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, бейтарап өтіп бара жатып оқиғаға араласып, полиция қызметкеріне күш қолданған үшінші ер адамда іздестірілуде», - дейді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет