USD
USD
USD

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған жүргізуші бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда қиылыстан өтіп, автобуспен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Қостанай ПД
Фото: Видеодан үзінді/Қостанай ПД

Астана, NEGE. Полицияның мәліметінше, жол апаты 25 қазанда сағат 21:10 шамасында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болды.

«Жүргізуші жол ережесін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған. Қиылыста қызыл жарыққа өтіп, автобуспен соқтығысқан», – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Автобуста 55 адам болған, олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Қазір полиция жол апатына қатысты тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент