USD
USD
USD

Полиция WhatsApp желісіндегі домофонды ауыстыру туралы хабарламаға түсінік берді

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр.

Полиция WhatsApp желісіндегі домофонды ауыстыру туралы хабарламаға түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру анық емес ақпарат болып табылады. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларына хабарласуын сұраймыз, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кету қажет, осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарауда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты