Полиция Шымкенттегі гүл дүкенінде болған оқиғаға қатысты тың мәліметтер айтты

"Romantic" гүл дүкенінде болған екі оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды.Осыған байланысты біз екі құқық бұзушылық жайты болғанын түсіндіреміз, деп хабарлады Полиция.
Алматы, NEGE. Бірінші бейнежазбада көрсетілгендей, ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Бұл жайт 8 тамыз күні болған. Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды.
Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. К. есімді азамат 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі - 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады.
Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына "Ұсақ бұзақылық" сәйкес 7 тәулікке қамауға алынды.
Екінші бейнежазбада басқа 1989 жылы туған Б. есімді азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.
2023 жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.
Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.
Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен "Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау" сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат 2023 жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.