USD
USD
USD

Полиция подполковнигі массаждың ақысын есірткімен төлеген

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотымен 2022 жылғы 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.-ға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз өткізу және сақтау фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Полиция подполковнигі массаждың ақысын есірткімен төлеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Т. массаж қызметі үшін ақы төлеу жолымен салмағы 2,1 г. «гашиш» есірткі затын сатқаны (ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ салмағы 21,76 г. «гашиш» есірткі затын өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін айыпталды (ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі).

Сотта прокурор айыптауды қолдады. Сотталушының кінәсі массаж қызметін көрсеткен және осы үшін Т.-дан «гашиш» есірткісін алған куәлердің, іздеу жұмыстарына қатысқан куәлердің – куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, арнайы жедел-іздестіру шаралары кезінде жүргізілген әңгімелердің жазбаларымен дәлелденді. Сот сотталушыға қатысты заңда көзделген жеңілдететін мән - жай (ҚК-нің 53-бабы) - жас балалардың болуын ескерді. Өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы ауырлататын мән-жай болып табылады.

ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігінің санкциясы 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейін қамау түріндегі жазаны көздейді.

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот Т.- ға ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі бойынша 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Т. 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сонымен қатар полиция подполковнигі атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси