USD
USD
USD

Полиция “Plus capital” қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр

Полиция “Plus capital” қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция “Plus capital” қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ІІМ Тергеу департаменті “PlusCapital” ЖШС қызметкерлеріне және басқа адамдарға қатысты қаржы пирамидасы мен алаяқтықты ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Маңғыстау облысында “Plus capital” қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ азаматтардың ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденді. Келтірілген залал сомасы 3,6 млрд теңгені құрады. 600-ден астам қазақстандық жәбірленуші деп танылды

Бұл іске қатысты облыс тұрғыны мен нотариус ұсталды. Сот үкімімен олар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы халықаралық іздеу  жарияланды. Полиция оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. ІІМ Тергеу департаменті қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Осыған байланысты “Plus capital” қаржы пирамидасының заңсыз қызметінен зардап шеккен азаматтарға бұл туралы Маңғыстау облысындағы ІІМ жедел-тергеу тобының орналасқан жері бойынша хабарлаймыз: Ақтау қаласы, 3 б шағын ауданы, 13 ғимарат, полиция департаментінің тергеу басқармасы. Байланыс телефондары: 8-7292-47-42-92, 47-42- 82, 8-705-709-62-35, 8-775-210-99-97.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті