Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Полиция өз баласын ұрған ер адамды ұстады

Түркістан облысының полицейлері өз балаларын ұрып-соққан ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Түркістан облысының Полиия департаменті.

Полиция өз баласын ұрған ер адамды ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4-қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді. Сол күні күдіктінің әйелі жұбайының өз балаларын ұрып-соққаны туралы полицияғы арызданған. Полицейлер жергілікті жұмыссыз тұрғынды тез арада ұстады. Ерлі-зайыптылардың 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуін ұрып-соғу туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен медиация арқылы тоқтатылды. Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылды.

«Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы