USD
USD
USD

Полиция: Орман шаруашылығының инспекторы заңсыз аң аулау кезінде қайтыс болған

Полицейлер куәгер, күдікті және марқұм Серік Маженов қорықтық аймақта заңсыз аң аулағанын мәлімдеді. 

Полиция: Орман шаруашылығының инспекторы заңсыз аң аулау кезінде қайтыс болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экология министрлігі 14 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы, 1977 жылы туған Серік Сағындықұлы Мәженов қаруды абайсыз қолдану салдарынан қайтыс болғанын хабарланған еді. Ал біздің портал белгілі эколог Сәкен Ділдахметтің жазбасына сүйеніп, инспектордың «браконьерлер қолынан қаза тапқанын» жазғанбыз. Алайда мәселе біз ойлағаннан да күрделі сияқты.

Полицейлердің мәліметінше, министрліктің «инспектор қаруды абайсыз қолданудан опат болды» деген ақпараты шындыққа жанаспайды. 

«Тергеу кезінде куәгерлер, күдікті мен жәбірленуші қорықтық аймақта аң аулаумен заңсыз айналысқаны анықталды. Тергеу әлі жүріп жатыр. БҚО Полиция департаменті өкілдері ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпараттан аулақ болуды сұрайды. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан жағдайда Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жаза қарастырылғанын ескертеді», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев