USD
USD
USD

Полиция Орал колониясындағы тұтқындарға күш қолданылғанын растады

Әлеуметтік желіде Орал колониясында қамаудағы адамдарды ұрып-соғу туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады Полиция. 

Полиция Орал колониясындағы тұтқындарға күш қолданылғанын растады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО бойынша ҚАЖД №28 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінде 3 тамыз пайдалануға тыйым салынған заттарды іздеу, алып қою мақсатында тінту іс-шаралары өткізілді. Тінту аяқталғаннан кейін сотталғандар тәркіленген тыйым салынған заттарды қайтаруды талап етті. Мәселен, камералардың біріндегі қамаудағы адамдар мекеме қызметкерлері мен ҰҰ әскери қызметшісіне шабуыл жасады.

Оқиға орнына қосымша күш жіберілді. Бағынбаған сотталғандарға дене күші мен арнайы құралдар қолданылды. Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін олардың бір бөлігі тәртіптік изоляторға орналастырылды.

ҚР ҚК 428-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, облыстық ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Сонымен қатар сотталғандардың туыстары қатаң режимдегі колонияда ұсталатын екі қамаудағы адамды 3 тамызда бақылаушылар бөлмесінің сыртына апарып, ұрып-соққанын айтты.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазір оқып жатыр

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana